Бұл бетте «Күшім де жетпеді» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күшім де жетпеді,
Ішімде айтылмай сыр қалды.
Тағдырым бақытты етпеді,
Шашымды, ерінімді, сырғамды.
Көзімнің жасы да кеппеді,
Тамшылар ақысыз құйылар.
Қуаныш күлкісін сеппеді,
Арманның түрі жоқ бұйырар.
Тәңірім тізерлеп сыйынар
Өмірге өкпем жоқ десем де,
Қай ғасыр мұңдарым тыйылар?
Жалғыздық жекіп тұр көсемдей.
Сезімнің балынан жесем де,
Зарына кезіктім шақырып.
Жұрт тыныш, ел мен жер есенде
Өлеңге табылып тақырып.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі