Шамам жоқ шарт кетіп өлуге – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Шамам жоқ шарт кетіп өлуге» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1846
Шамам жоқ шарт кетіп өлуге,
Жаныңа жақындап келуге.
Тәңірім, жарлығың жөнді ме, айтшы өзің,
Жүректі жүректен бөлуге?!
Тәңірім, мен бе әлде жазықты?
Тағдыр тор қайда да қазыпты.
Ғасыл мұң ғаріп етіп тапқанда
Қоштасу қайғысын жазыпты.
Ғұмырым қалайша қырқылар?
Тек сол деп жанарда жыр тұнар.
Мен онсыз жүре алман жалғанда!!!
Құштарлық қақпанда жұлқынар.
Тәңірім түйгенім,
Сол менің сүйгенім,
Онымен жұмақтай күйдемін.
Мені одан айырма, қайырыл да,
Әйтпесе ажалға қи мені.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері