Оқыма жырды зар тұнған
Бұл бетте «Оқыма жырды зар тұнған» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оқыма жырды зар тұнған,
Енді өлең жазбан антұрған.
Тәрк етем бәрін, тек қана,
Шабытты қайтем шарқ ұрған?
Сезімді тастап сұлатып,
Сауықты жүрем ұнатып.
Миымнан сені шығарам,
Басымды ауыртпас сыра түк.
Жақындай көрме маңыма,
Кек толды қоңыр қаныма.
Түнімде әнмен оралам,
Не тілек айтам таңыма?
Құмарлық құрып мазақтай,
Сағыныш кетсін тозаққа.
Осылай сенсіз күн кешем,
Бақытты болғын о жақта...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі