Өлең, жыр, ақындар

Қара жердің астында

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3800
Қара жердің астында
Қалай жатсың үндемей?
Зілі батпай тастың да,
Күндіз демей, түн демей,
Неғып жатсың үндемей?
Қара жердің қойнында,
Құштарлықты жойдың ба?
Өмірге иә адамға,
Қоғамға иә заманға,
Бәріне әлде тойдың ба?
Мұң азайып мойныңда
Көздің жасы тәмам ба?
Қара жердің қойнында
Періштелер аман ба?
Жұмақ жақта әманда.
Қара жердің құшағы
Қалай сені ұстады?
Ызғарымен қыстағы,
Мұз-қарымен тыстағы
Тіршіліктің бұ шағы.
Сенсіз көктем гүлдемей,
Жаз шуақпен күл демей,
Күз көңілсіз өтуде
Қара жердің шетінде
Неғып жатсың үндемей
Күндіз демей, түн демей...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қар жаның

  • 0
  • 0

Қар жаның
Тәнімді жуады.
Ардағым –
Сендегі күлкінің шуағы.

Толық

Жалғыздықтың құшағында жалықтым

  • 0
  • 0

Жалғыздықтың құшағында жалықтым,
Жалқы өткен күндерімнен өзіңсіз.
О, тәңірім, мейіріңе қарық кім?
Ерінім – құрғап қалған теңіз,

Толық

Құштарлық

  • 0
  • 0

Жырым түгіл, осы сәт сөзім артық,
Шамданбай-ақ шабытым шешінеді.
Бір жұлдыздың ілкіде көзі тартып,
Шала ұйқылы мас бұлттар есінеді.

Толық