Өлең, жыр, ақындар

Жоқсың сен

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2198
Жоқсың сен
Алаңда, көшеде,
Жанымда жоқсың сен.
Бәлкім шын көксің сен.
Жолатпас шоқсың сен,
Бәріне тоқсың сен.
Бүгін де, кеше де.
Жанымда жоқсың сен.
Бұрынғы астана.
Сен сүйген бас қала.
Пәтерлер, баспана
Жоқ-жоқтар құтырды.
Ерте жер жастана,
Бір бақыт жасқана
Жұтынды.
Жоқсың сен,
Гүл құшқан бақтарда,
Жылу тұл шақтарда,
Тойы аз жақтарда
Жоғалдың?!
Ашусыз ақ қарға
Әділін ақтар да.
Оралғын.
Жоқсың сен,
Ажарсыз айнала,
Әуенсіз жайлана
Сұрық жоқ қайда да.
Көк күліп паңдана
Қайдасың?!
Мүлгиді маң дала,
Сыймайды сандала
Қай басы?!
Жоқсың сен,
Қыс қаһар төккенде,
Күз бен жаз, көктемде,
Мені жыр өпкенде,
Айналып өткенде,
Үмітім.
Кейімей сөккенге
Еш жерде жоқ пенде
Оралғын бүгін түн.
Жоқсың сен,
Алаңда, көшеде
Бүгін де, кеше де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілімнің еркін ашып есігін

  • 0
  • 0

Көңілімнің еркін ашып есігін,
Жүрегімнің төрін саған ұсындым.
Өмірімді арнасам да несі мін?
Сенсіз тірлік ете алмаспын.

Толық

Сегіз аяқтың ізімен...

  • 0
  • 0

...Анадан алтау,
Атадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,

Толық

Самға, сағыныш

  • 0
  • 0

Самға қарай самғасам ғой сағыммен,
Енді ешқашан оралмасам қалаға.
Ермесем ғой сайқал жемқор ағымға,
Көрмесем ғой адамдарды алаған.

Толық

Басқа да жазбалар