Сенің бейнең оңымда
Бұл бетте «Сенің бейнең оңымда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенің бейнең оңымда,
Сенің бейнең солымда.
Келем жалғыз тағы да,
Өлең саған қолымда.
Құтыла алмай елестен,
Елес, елес еместей.
Сағынышқа санамда,
Дауа таппай ғаламда.
Үмітіммен жасыған,
Сені жапқан тасыңа
Жыр оқимын жындыдай,
Жұбата алмай гүлді май.
Сабырсыз сан қарманам,
Жерге сыймай арманым.
О жақтағы үйіңде,
Орын бар ма тар маңым?
Сенің бейнең оңымда,
Сенің бейнең солымда.
Ағыл-тегіл сезімім
Сұлап жатыр жолымда.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі