Бұл бетте «Тамызда қайтып оралшы» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен
Өмірге келгеніңде гүл ең,
Сам құмы, тамызда қапырық.
Сосын өлгеніңді білем,
Тағы да тамызда шарқ ұрып.
Толқындар қап-қара шашыңда,
Бетінді жауып санаңмен.
Көз жұмдың он алты жасыңда,
Үмітті жылатып анаңмен.
Арманың аяқсыз қалды,
Болашақ, бал өмір жайлы.
Тағдыр қай аяпты жанды?
Болса да бар өңір қайғы.
Жалғанның бақыты аңыз ба?
Өлеңім тек мұңды сөз қылған.
Жан апа, оралшы тамызда
Сен туған, сосын көз жұмған...
***
Бақыттың дәмін татпадың,
Қабірдің төрін аттадың
Сен.
Арманың жайына қалды,
Ардағын қойнына алды
Жер.
Қалдым қайғымен шойындай,
Алдым – жастық мойылдай
Мен.
Жүректе назалы жыр жатты,
Көзімнің жасын құрғатты
Ел.
Шырайын қан қылып беттің,
Несіне қалдырып кеттің?
Сен...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі