Бұл бетте «Жарық жұлдыз» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сол кеште бір жарық жұлдыз тұрды маздап көгімде,
Сан сырларды толқытты да өн үйірді көңілге.
Сол кеште бір салқын самал желпіп өтті ерекше,
Дүние дел-сал, түсім бе, әлде өңім бе.
Сол бір жұлдыз ойлар кешкен ғұламадай тұңғиық,
Соған ғана сұқтанғандай
дүние тыншып тұрды ұйып.
Сол бір жұлдыз жалт етті де, жалын атты жанардай,
Бұл жаныма шымыр-шымыр
сыңғыраған сыр құйып,
Таулар қалғып тәтті ұйқыға бөлегенде қыр үстін,
Толасы жоқ сол жұлдыздан
жалтырайтын бір ұшқын.
Көл біткенді жаутаңдатып, жаудыратып өзіне,
Жалт бергенде түн сейіліп, оралатын күміс күн.
Сол бір жұлдыз жүрер еді көңіл шыңын мекендеп,
Кейбіреулер ұмтылатын жетпесе де жетем деп.
Сол жұлдызды көрген сайын шексіз аспан төрінен,
Күбірлеймін, биігінен құлап кетпесе екен деп.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі