Өлең, жыр, ақындар

Алақандар

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2348
Айырмассың алысты да, жуықты,
Алақандар қандай ыстық уытты.
Көтеріп тұр көңілімен қарттарын,
Шаңырақ пен уықты.
Қыпша белін майыстырып жеңгелер,
Көбелектей қымыз құйып дөңгелер.
Ақ самайлар, иілемін алдында,
Сыйлап кетем болса сендік менде өнер.
Көңілдері ақ құс әлде періште,
Қиялыңды шарықтатар өріске.
Жаным тауып жарастығын жаз болсам,
Жори көрме бұны, жұртым, теріске.
Мойыл көзден ұшқындаған наз оттар,
Елге барсаң сауық-сайран, ғажап бар.
Етектегі жамыраған қарағай,
Бейне көкпар алып қашқан қазақтар.
Пай-пай, шіркін, ауыл қандай сүйкімді,
Амалым жоқ байлап қойсаң бұл тілді.
Әйтпесе мен айта берем қайталап,
Бақытыңды, базар – думан, күлкіңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәрмәр шың

  • 0
  • 0

Көз тұндырып тұр алдымда мәрмәр шың,
Көрген адам дегені ме таңдансын.
Сиқырлайды, сезіміңді, сырлы тау,
Көрмегенге айта жүрер армансың.

Толық

Қазықұрт

  • 0
  • 0

"Басында кеме қалған" Қазықұрт па,
Көрмей-ақ жетіп жатар назы жұртқа.
Қабыл ал сәлемімді ала келген,
Жүректің сен деп шерткен сазын ұқ та.

Толық

Құшағында

  • 0
  • 0

Қызғанбашы менен сол,
Заңғар көкті қыраным.
Мен үшін ол әзірге арман,
Ал сен үшін тұрағың.

Толық

Басқа да жазбалар