Бұл бетте «Көз жасы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзден тамшы домалайды бұршақ па,
Көңілге мұң оралады бұл шақта,
Болады екен бір жетіссіз әркімде,
Ауызбенен құс тістеген болсақ та.
Көзден тамшы домалайды тырсылдап,
Күбірлейді әлденені сыршыл бақ.
Айғағы ма ауыр жолдар мен кешкен,
Бұрымымда ақ талдар да жүр шындап.
Мөлдір тамшы үзіледі төсекке,
Бораған сөз мақтау, әлде өсек пе.
Албырттыққа жеңдіресің, жастық–ай,
Бұл жүректі қанша мықты десек те.
Әлде көзден аунап түскен мұң жерге,
Кейде ерік бересің сен кімдерге,
Болмаса егер қаталдықта сағыныш,
Шықпас еді жартасқа онда гүлдер де.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі