Шар, шар да бұлт – Есенғали Раушанов

Бұл бетте «Шар, шар да бұлт» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2370
Бұл бір ескі қазақтың “күн жайлату” немесе “бұлт қайтару” деген сықылды көне өлеңдерінің сорабы, басқа ештеңе де емес, тұспал не астар мұнда жоқ, болмаған да, болмайды да, осыған сеніп оқыңыз, әйтпесе (абзалы) оқымаңыз.

Шар, шар да бұлт, шар бұлт,
Қабағы түкті хан бұлт,
Таңдарыңды таңға ұрып,
Бара түсіп барлығып,
Қаһарлы үнің қарлығып,
Шамаң келмей шалдығып,
Не жаумайсың, не жаудыра алмайсың,
Сол баяғы жаңғырық,
Ей, діңкелеген шал бұлт!
Жұмыртқасы темірден,
Жұмыршағы желімнен,
Кеңірдегі керілген,
Бір орнында тебінген,
Таяғы тебендей болып желінген,
Жыласа боз бұлау боп егілген,
Елбең, елбең елің бар
Ебелек отқа семірген.
Ай уақытымен толмас па,
Күн мезгілімен шықпас па,
Жұлдыздар дер кезінде жанбас па?
Көлегейлемей,
Көлденеңдемей,
Көпіре бермей,
Көстеңдемей,
Көшсең қайтеді,
Көзден және көңілден.
Ей, шал бұлт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шар, шар да бұлт өлеңінің авторы кім?

Есенғали Раушанов — осы өлеңнің авторы.

Шар, шар да бұлт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шар, шар да бұлт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенғали Раушанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шар, шар да бұлт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері