Қалды-ау кейін – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қалды-ау кейін» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1724
Қалды-ау кейін қимай
қарап Билікөл,
Қалды-ау, кейін жаутаңдаған қилы бел.
Қазағыңа барсаң алар көтеріп,
Алатаудың асқарыңдай сыйды көр.
Қалды-ау кейін ойнақтаған сәйгүлік,
Қаратаудың жиегіне ай бұғып.
Қалды-ау кейін арман толып жанына.
Асыл құрбым айтылмас бір жайды ұғып.
Қалды-ау кейін ырғатылған, бұралған,
Кілең мөлдір жанарлардан құралған.
Алыстағы ақша бұлттай қол бұлғап,
Қусам–дағы жеткізбейтін бір арман,
Қалды-ау кейін саңқылдаған құс үні,
Қимас жандар үлкен аға, кіші іні.
Қалды-ау кейін бұратылған бұраң көл,
Толықсыған айдай сұлу мүсіні.
Қалды-ау кейін құйқылжыған күй үні,
Қаратаудың елеңдеген киігі.
Қалды-ау кейін жұлдыздары жымыңдап,
Аспанның да ең тұнығы, биігі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері