Жолдар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Жолдар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 5290
Жолдар, жолдар, қиялды алып қашып,
Қырлардың қырқасынан қалыпты асып.
Келеді тұтқын етіп сырлы ақынын,
Сансыз арман тұс-тұстан торып, қашып.
Жолдар – жолдар, алысқа жетелейді,
Кейде оралып, ал кейде төтелейді.
Кей жолдар таспадай боп тартылғанмен,
Япыр-ау, үмітіңді өтемейді.
Жолдар – жолдар, бесіктей тербетеді,
Қария шындарға да өрлетеді.
Кей жолда басқан аяқ кері кетіп,
Самайдан тарау–тарау тер кетеді.
О, жолдар, соқпағыңдай арыстанның,
Өзінде озған талай жарысқан күн.
Сан тағдырды өзінде тоғыстырып,
Сан арманмен өзінде табысқанмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері