Дутар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Дутар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1702
Іште талай айтылмаған жатар мұң,
Ести алмай ұясына батар күн.
Ұмыт қалған елесіндей сол күндер,
Тартып кеттің ғажап сазын дутардың.
Көз алдыңа оралғандай бір белең,
Жанарыңнан ұшқындаған нұр көрем.
Кетті-ау сөйлеп саусағында күмбірлеп,
Сұлу мойын, сылқым дутар түрлеген.
Ол да сені күтті ме екен сағына,
Оралғандай болдың гүлді бағыңа.
Кездескендей қара көзбен қайта бір,
Кездескендей болдың-ау жас шағыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері