Шырын – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Шырын» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2940
Қарлығаш қанатындай дірілдеген,
Қос өзен жарыса аққан Шырын деген.
Сұлу үнді күлкідей сыңғырлайды,
Жасырып жатқан жоқ қой түгін менен.
Жолаушы емен бір жүрген көлденеңнен,
Әкелдім, жұрт, көрімдік мен де өлеңнен.
Қарындас деп қарсы алдың ұйғыр – қазақ,
Қаракөздер өңшең бір дөңгеленген.
Еліңнің ерте естігем ертегісін,
Назгум мұңы талайдың өртеді ішін.
Аңсап келдім алыстан арманымдай,
Тамылжыған тәтті әнді шертемісің.
Шертемісің Шырынның тамаша әнін,
Нөсердей басып өтер дала шаңын.
Ән тербетіп көңілді шаттандырып,
Жақсы-ау, шіркін, жаныңнан тараса мұң.
Өнеріңе мен қалай таласамын,
Әнсіз, жырсыз, өлеңсіз аласамын.
Сүмбідейін сұлу жер Шырын елі,
Ән қоссам дутарыңа жарасамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері