Өлең, жыр, ақындар

Айнабұлақ

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2153
Бір бастау ағып жатыр сайға құлап,
Бұны жұрт атайды екен "Айнабұлақ".
Бұралған бұрымыңдай жас арудың
Самалмен ырғалады майда құрақ.
Сол бастау ән салады нәзік қана,
Тыңдайды әнді ұйып жазық дала.
Толқынын торғын тысты дастан дерсің,
Мұра ма әлде қалдырған жазып дана.
Ол әлде — өз бұрымым бұлғақтаған,
Ол әлде — өз жанарым тіл қатпаған.
Ол әлде — өз мінезім еркелеген
Ол әлде — өз көңілім гүл қаптаған.
Ол әлде — өз сезімім тіл байлаған,
Бұлбұлдар ғажап сырды тыңдайды одан.
Ол әлде — өз арманым толастамас,
Алыстан бір үн қатып тұр ғой маған.
* * *
Таңертең аспан ашық–тын,
Қайтадан сұр бұлт бүркеді.
Көңілім, қайда асықтың,
Бұл жүрек неден үркеді.
Түр еді-ау мана жадырап,
Мұңайды неге, мұңайды.
Түседі жапырақ саудырап,
Жылайды бұлттар, жылайды.
Аңсай ма жазын ұзатқан,
Аңсай ма жылы шуақты.
Отырар оймен ұзақ таң,
Ол да бір ақын сияқты.
Аңсай ма әлде майда леп,
Қырмызы нәзік қыр гүлін.
Жайсаң жаз әттең қайда деп,
Тосырқап тұр ма күз күнін.
Сағынып сені жүргенде,
Қарлығаш қанат хат келді.
Сағыныш мұңын білгендей,
Мол қуаныш ап келді.
Жамандыққа жасыма,
Жақсылыққа тасыма,
Сарқылмас сендік арманмен,
Күте бер, жаным, асыға.
Дегендей осынау хат маған,
Сезімнің қылын шертеді.
Жалындай ыстық аптаған,
Өзекті оты өртеді.
Жалынға мейлі орасын,
Орасын мейлі күйікке.
Соқса да мейлі борасын,
Тартады үміт биікке.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалғасады, таусылмайды көк белең

  • 0
  • 0

Шарық ұратын күндерді ойлап кеше бір,
Шындықты іздеп,
Шыр айналды жас өмір...
Жамағаттың жайлауларын мекендеп,

Толық

Қара шың

  • 0
  • 0

Бұлт үйіріліп, шоғырланған басына
Қара шыңның келіп тұрмын қасына.
Өн бойына ораныпты сұр тұман,
Тұрса керек, қараулығын жасыра.

Толық

Құм суреті

  • 0
  • 0

Қиыр-қиыр, қиыр құм,
Сұр жыландай иір құм.
Қадау-қадау сексеуіл,
Буын-буын бұйырғын.

Толық

Қарап көріңіз