Апталар
Бұл бетте «Апталар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтіп жатыр сағынышты апталар,
Өтіп жатыр келмей сенен хат-хабар.
Өтіп жатыр өзекті өртеп өкініш,
Өтіп жатыр емес уақыт тоқталар.
Өтер уақыт баяулығы байқалмай,
Жүрсің бе екен сағынсаң да айта алмай.
Жүрсің бе екен сеніп мендік төзімге,
Жүрсің бе екен алыс жолдан қайта алмай.
Неге шулап шырқай ұшты тырналар,
Әлде адасып мекенінен жүр ме олар.
Ақ қайындар сүйеп қалып бір-бірін,
Дірілдейді жапырақтар сырғалар.
Сағыныш па күн ажарын жүдеткен,
Сағынышқа бас иемін ізетпен.
Сағыныш па сапырылған бұлақтар,
Сабырым ба тыныштығын күзеткен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі