Өткел ме едің
Бұл бетте «Өткел ме едің» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірден болмаса да көп көргенім,
Қаншама қиындықты өткермедім.
Құлап түссе тауды да көтеретін,
Жүрегім, қырық жамау өткел ме едің,
Кей сәтте ала құйын дүрсіл кіріп,
Кей сәтте егіліп те, жүрсің күліп.
Басқа тұрсын сенгенің сенім артып,
Кетеді ылғи қапыда күрсіндіріп.
* * *
Амалың не көтермеске,
Іс түссе егер басқа ауыр.
Бұл мінездер кетер есте,
Неткен жандар тасбауыр.
"Жиі келдің" дегенменен,
Келмеске ешбір хақым жоқ.
Қозың емен көгендеген,
Жаралдым ғой ақын боп.
Көлгірсиді көзге күліп,
Майда тілмен өбектеп.
Ал сыртыңнан сөзбен ұрып,
Жағады екен өзекке от.
Келем, рас, балам үшін,
Еркін басам кең жерде.
Аман болса қаламұшым,
Ісім түспес сендерге.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі