О, туған ел
Бұл бетте «О, туған ел» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шоқ гүлің боп шайқалармын төсінде,
Қалармын мен әнің болып есінде.
Сені сүйген жүрегімді кірлетсем,
О, туған ел, кешірме!
Арманым не, керегіңе жарасам,
Арманым не, жылы ұшырап қарасаң.
Арманым не, менің қолаң шашымды,
Самалыңмен желпін тұрып тарасаң.
Қарызыңды қалай ғана атқарам,
Тебіреніп тереңіңді атқарам.
Білмегенім бұл өмірде көп әлі,
Ар алдында қалай ғана мақтанам.
Шоқ гүлің боп жайқалармын төсіңде,
Қалармын мен әнің болып есіңде.
Сені сүйген жүрегімді кірлетсем,
О, туған ел, кешірме!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі