Ата мекен – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ата мекен» атты Марфуға Айтқожина жазған ата туралы өлең берілген.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1615
"Жүрек" таудың тереңінен,
Қайнап ағып бұлақ жатыр.
Бейне бұрым дер едім мен
Құз төсінен құлап жатыр.
Сырға толы мөлдіреген,
Жанары ма ғашық жардың.
Таусылмайтын ол бір өлең,
Ол айнасы ғасырлардың.
Жылдар қанша суысыпты
Ол қалпында бап-баяғы.
Бабам қолмен су ішіпті
Ұмыт қалып сап таяғы.
Жалаң аяқ табандардың
Қара таста таңбасы бар.
Арман еткен бабамдардың
Онда өмір жалғасы бар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері