Соқшы, самал
Бұл бетте «Соқшы, самал» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Соқшы, самал, дірілдетіп, сыбдырлатып
жапырағын ағаштың,
Көгілдір көк жүзіндегі ақша бұлттар
әрі ассын.
Соқшы, соқшы, толқысын бір
судың беті жәйғана,
Соқшы, соқшы, меңірейіп
тыншымасын айнала.
Соқшы, самал, ормандағы
жапырақтан шық аунасын,
Түйдектелген қара бұлттар
жасын төгіп жаумасын.
Соқшы, соқшы, қызыл гүлдер
шаршағанша билесін,
Оятшы сен, ұйқыдағы адамның жан дүниесін.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі