Кеудеде үнсіз ұдай – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Кеудеде үнсіз ұдай» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1762
Кеудеде үнсіз ұдай дүрсіл қағып,
Тебіренбей сезіммен тұрсың неғып.
Сөндің бе, жанбай жатып, жалындамай,
Күйкі өмір күйбеңімен жүрсің лағып.
Қайда сол бір кездерің жалын атқан,
Бар еді ғой бір мөлдір жарып аққан.
Долы желге үздіріп қызғалдағын,
Төкті ме екен, әлде ерте көрін ақпан.
Теңіздей кейде тыншып қалушы едің,
Кейде толқып деміңді алушы едің.
Махаббаттың жалынды алауында
Үнсіз ғана жалындап жанушы едің.
Кейде бір соғатынсың дауыл болып,
Төгетінсің нөсерлі жалын болып.
Қайда сол бір найзағай жарқылдайтын,
Жүр ғой сені сөндіге жауың жорып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері