Биіктік – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Биіктік» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2989
Жетем деп ілгері ұдайы ұмтыламын,
Бұл өлең таптырмай-ақ жүр тұрағын.
От жүректі қамшылап ойқастайды,
Дәл түсірмей жаныңа күн шуағын.
Қойсыншы, төкпесе нұр жалынбаймын,
Өзі де от қой бүл жастық жалындайтын.
Өлең емес, мазасыз көп шытырман,
Болдым-ау бір, бос ойдан арылмайтын.
Жақсылыққа жанымды ашып едім,
Толқып бір өмірге ұсап тасып едім.
Жетпей келем биікке басып едім,
О, биіктік, сен неткен қашық едің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері