Ақын емен – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ақын емен» атты Марфуға Айтқожина жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2839
Мен әлі аты шулы ақын емен,
Доспын бірақ ақынның атыменен.
Жүрсем бірге, япыр-ау, жатсам жанда,
Қашпаса керек өлең заты менен.
Ақын — арман ол әлі биік менен,
Сол бір сөзді көкейге түйіп келем.
Сусын сұрап, досым-ау, барған жоқпын,
Жыр мөлдірін сұрасаң құйып берем.
Ақын сезім, сен неткен жылы едің,
Жар дейді ғой, жардан да жылы лебің.
Көгілдір жиегің бір жеткізбеді,
Толқыныңмен тербеліп жүзіп едім.
Өлең іздеп келіппін осы өңірге,
Белшемнен қиындықты кешкемін де.
Өлеңмен таңсәріде бірге оянып,
Өлеңмен бірге ұйықтаймын төсегімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері