Бұл бетте «Арай құшып» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір өсем күй естіртті далан маған,
Жаман екен сыртқа ойың алаңдаған.
Араға ұсап отырмын гүлге қонған,
Қанша жұтып шырынын ала алмаған.
Теңізбен, арай құшып алаулаған,
Құлазыған шөлмін мен дәл аумаған.
Ерте ме, кеш пе, өмір, бір берерің,
Болсаң да қанша сараң бар-ау маған.
Көрген емен ойымды бүкемелеп,
Сезім — гүлін іздеген бір көбелек.
Артық сөз айтуға да қимайсың ғой,
Аққу — көңіл, көлінен үрке ме деп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі