Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Күй қанаты көктемгі

Бұл бетте «Күй қанаты көктемгі» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4247
Елеңдеймін дүбірге құлақ түріп,
Дүрліктірді даланы бұлақ күліп.
Күй қанатын сермеді көктем өзі,
Домбырасын дамылсыз бұрап тұрып.
О, көктем, арусың да, еркесің де,
Дірілдейді қызғалдақ жер төсінде.
Ақша бұлттар мінгесіп бара жатыр,
Алатаудың ақ жалды өркешінде.
Көктем көңіл қосылып алабұртып,
Көңілсіздік қым-қуыт барады үркіп.
Шырқауға шығып алып шарықтаған,
Көңілім менің кәдімгі бала бүркіт.
Сұлулығын сүйем ғой бұл өмірдің,
Мен де жыршы құсымын гүл өңірдің.
Түкпіріне титімдей жүрегімнің
Шіркін, көктем өлең боп күле кірдің.
Құстар да келді қайтадан,
Айнала қалды жарасып.
Аққайың шулап айтады ән,
Қырқадан жолдар әрі асып.
Бұталар нәзік бүр ашып,
Гүл жапты мақпал өңірді.
Құшағын дала тұр ашып,
Даламыз қандай көңілді.
Сонау бір биік белестен,
Бұлақтар аққан көсіліп.
Сап-салқын кеште жел ескен,
Көктемің келді көшіріп.
* * *
Ұнатам шуға толы көктем айын,
Ұнатам бояғанын көкке қайың.
Ұнатам дала гүлмен құлпырғанын,
Ұнатам сөнбес нұрлы күн тұрғанын.
Ұнатам жапырақтың гүл ашқанын,
Ұнатам тұрса бұлтсыз күз аспанын.
Ұнатам ер дауылды теңіздегі,
О, жаным, теңізбенен егіз бе еді.
...Жете алмай отырмын ой заңғарына,
Қызығамын бұл өмір заңдарына.
Өмір өзі мейірлі карт бағбан,
Миуасын төгетін жан-жағына.
Кімге жаны құшақ жайып ұмтылады,
Кеудеме отты тұнық түн құлады.
Шіркін-ай, көңіл неткен дәмеленгіш,
Бір ауыз сөзге жасып құлпырады.
Көп жылдар бұл көңілді тот басқандай,
Енді шалқып отырмын отты аспандай
Сені иіскеген маңдайым ұйықтатпайды,
Түніменен жаныма от басқаңдай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күй қанаты көктемгі өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Күй қанаты көктемгі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күй қанаты көктемгі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күй қанаты көктемгі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері