Түн болып қалғиды
Бұл бетте «Түн болып қалғиды» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлт ұйып, аспан қоюлап,
Сіркіреп жаңбыр ашылды.
Қыз көктем жерді оюлап,
Өнерін тағы асырды.
Кезіп кетті құздарды,
Самал боп та еседі.
Лақтырады мұздарды,
Қыстан қалған кешегі.
Ағашқа жасыл бүр болып,
Құяды нұр себелеп.
Әр гүлге жүр бір қонып,
Кәдімгі нәзік көбелек.
Қияға күнді қондырып,
Төгілтеді ән-күйді.
Кешке қарай болдырып,
Түн болып та қалғиды.
Қанаты бұлттың сөгіліп,
Қалықтатты нұрлы айды.
Сезім болып төгіліп,
Ақын болып жырлайды.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі