Өлең, жыр, ақындар

Орамал

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2793
1
Есімде көкшіл орамал,
Есімде күнің сыйлаған.
Жақсылыққа жорамал,
Басқаға оны қимаған.
Қарадың ұзақ елжіреп,
Қарадым мен де қайрылып.
Орамал тұрды желбіреп,
Жол жатты екіге айрылып.
Көремін кейде кешкілік,
Күн талмаурап батады.
Баяғы жол ескіріп,
Жұрт сүрлеу деп атады,
Сарғая күтіп жатады...
2
Үміті өшті талайдың,
Жұбаныш болмас басқа жан.
Сарғайған жолға қараймын,
Тірі адам әлі баспаған
Кеудеде өшпес бір сезім,
Айтылған сол бір дос тілек.
Естіліп әлі тұр сөзің,
Дүрсілдеп соғып қос жүрек.
Сағынсам сені сарылып,
Түседі еске орамал.
Отырсам бірде тарылып,
Мойныма сен боп оралар.
Кірпіктен тамшы үзілді,
Талмаураған төзім бе.
Орамал жапты жүзімді,
Егілген кейбір кезімде.
Сусып түссе шашымнан,
Көтеріп жерден бүркендім.
О, достар, сенен жасырман,
Сол еді сәні күркемнің.
Дей көрме текке жорамал,
Дей көрме бұны тосын жай.
Аспан түстес орамал,
Аяулы сол бір досымдай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл әсерлі

  • 0
  • 0

Өзіңе келсем шаттанам,
Бөленіп көңіл күйге бір.
Жадырап, жайнап аттанам,
Өнгендей болып үйге гүл.

Толық

Құс келгенде

  • 0
  • 0

О, достарым,
Құста қандай айып бар,
Қайтқан құсқа құшағыңды жайып қал.
Әлем — теңіз,

Толық

Көңіліме күй орап

  • 0
  • 0

Көздеп мені атса – дағы қиянат,
Күндеп барып батса да күн қиялап.
Жүреді арман көңіліме ұялап,
Жабырқасам жадыратып күй орап.

Толық