Қара шашың шашылса
Бұл бетте «Қара шашың шашылса» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қара шашың шашылса,
Менің қара мұңымдай.
Ерінің сәл ашылса,
Шым батырар шырындай.
Тойға тоймай көз қалған,
Рақат сыйлап реңің.
Тоқтап барып қозғалған,
Жүрекке ұқсас жүрегім.
Жұлдыз ағып барады,
Жанарыңда жарқылдап.
Жаным көшіп барады,
Қобыз тартып қаңқылдап.
Сағым кезіп санасын,
Сарғайып жүр демейсің.
“...Қарғам!" — деуші ед анашым,
Қарғадай қыз, не дейсің?!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі