...Сол қара шаш – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «...Сол қара шаш» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2817
Жимашы, торғын қара шашынды анау,
Жанымды отыңа өртеп басылмады-ау.
Шіркін-ай, еркімді алған сол қара шаш,
Арман, арман!..
Кеудеме шашылмады-ау.
Ана бір күміске ұқсас ақ талдарын,
Жаныңа дәтім барып ақтармадым.
Сол бір шаш орап алып бар сезімді,
Айтылмай іште тұнып жатты арманым.
Сеземін арқамда ауыр жүк тұрғанын,
Керегі не сөзбенен ұқтырғанын.
Сол шаштың әр талынан күй есіліп,
Дел-сал боп шарбатымдай жұттым нәрін.
Жимашы, қобыраған шашыңды анау,
Жанымды отыңа өртеп басылмады-ау.
Арман-ай, еркімді алған —
Сол қара шаш,
Дауылдай кеудеме кеп шашылмады-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері