Түтін
Бұл бетте «Түтін» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түтін.
Көгілдір аспанды қаптаған,
Түтін, жалыны жанды аптаған.
Ұнаттым ошақтан ұшқан түтінді,
Басқа түтін, жат маған.
Түтін.
Ащы исі мұрын жарады,
Түтін, будақтап қалқып барады.
Кейбір көңілдерді қап-қара
Түтіндер жайлап алады.
Түтін.
Кейбір жанды ыстаған,
Жазды жайлап, қыс қыстаған.
Түтіндер тіпті жұқпайды,
Ол — ақкөңіл, күшті адам.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі