Қош, ана
Бұл бетте «Қош, ана» атты Марфуға Айтқожина жазған ана туралы өлең берілген.
Білмеймін, кеш пе еді, ерте ме еді,
Жас жаным кімге ұмсынып еркеледі.
Бақытын алыс кеткен іздей ме әлде,
Көңілім көп арманды шертеді енді.
Ол кезде бала едім ойланбаған,
(Армандауға өмірде тойған ба адам).
Көңілім шалқар болып шаттанушы ем,
Маңдайымнан бір сипап қойғанда анам.
Бүгін мен нені іздеймін, армандаймын,
Тау артып иығыма алғандаймын.
Ананың мол мейірін сағынам ба,
Көппін мен, бірақ жалғыз қалғандаймын.
Анажан, орның тіпті бөлек екен,
Адам асыл бәріне көнеді екен.
Ажал бізді тым ерте айырса да,
Атынды жырға мәңгі бөлеп өтем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі