Бұл бетте «Таң» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арайлы таң, қарайды таң сұқтанып,
Түн жадырап ашты қою кірпігін.
Жылтырады жасыл құрақ шықтанып,
Нәзік бұтақ жәйді алақан бүршігін.
Жанарынан қызғылт сәуле шашылып,
Көкжиекті барады таң аралап,
Гүл шоқтары дір-дір етті ашылып,
Жүгір самал, еркелетші аялап.
Көк теңіздей толқып жатты гүлді алап,
Жаздың киіп жасыл барқыт шапанын.
Апай төсті Алатауым түр қарап,
Жинап алып көзіне таң шапағын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі