Тастағы таңбалар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Тастағы таңбалар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3482
Басымырақ —
Аңыздан да шындығы,
Басымырақ —
Жақсылықтан сұмдығы.
Басымырақ —
Серіліктен сергелдең,
Туратылған туырлық пен түндігі.
Басымырақ —
Сүйінуден даттауы,
Басымырақ —
Өлеңнен де жоқтауы.
Басымырақ —
Күлкіден де күрсіну,
Қайда үзілген қыздың сылдыр шашбауы.
Басымырақ —
Жеңілгеннен жеңгені,
Зырылдайды ұршық дүние шеңбері.
Ыңырсиды қиып кетіп қыл арқан,
Түйелердің түсірусіз теңдері.
Будақтайды —
Көз ұшында көш шаңы,
Қиып бәрін туған жерден басқаны.
Өткен өмір шежіресін шерткендей,
Күңіренеді көп таңбалар тастағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері