Біреуден біреу артылса
Бұл бетте «Біреуден біреу артылса» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біреуден біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған, білген - білген-ақ,
Надан - надан-ақ сан қылса.
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Надан жөндіге жөн келмей,
Білер қайдағы шәргезді.
Надан қуанар, арсаңдар,
Таңырқап тұра қалсаңдар.
Татымды ештеме болмас,
Адамсып босқа талтаңдар.
Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда.
Ісі жоқ теріс пе, оң ба?
Тіленіп, телміріп ізденер,
Тиын ба яки бір сом ба?
Ит көрген ешкі көзденіп,
Елерме, жынды сөзденіп,
Жасынан үлгісіз шіркін,
Не қылсын өнер ізденіп.
Кісімсіп белгілі білгіш,
Біреуге сондай-ақ күлгіш.
Бұлықсып, бұлданып босқа,
Өзімшіл, оңбаған шерміш.
Кісіде бар болса талап,
Отырмас ол бойын балап.
Жүрер, әрқайдан ізденер,
Алар өз сүйгенін қалап.
Өте күшті маған ұнады
Өте керемет
Маған өте ұнады
Өте ынғайлы.Рахмет
Өте өте керемет өлең екен
Маған өте үнады
Абай Құнанбайұлының Біреуден біреу артылса өлеңі керемет
Оқыған, білген - білген-ақ, Надан - надан-ақ сан қылса!
Мықты өлең!
Абай атамыздың өлеңі керемет қой!
Абай атамыздың өлеңі керемет қой!!!!