Барсамғой шіркін – Айбек Салдатбек

Бұл бетте «Барсамғой шіркін» атты Айбек Салдатбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Барсамғой шіркін Абай туған Семейге,
Семей деген жыр өлкесі демейме?
Жыр өлкесін көру еді арманым,
Оған бірақ,қолым ешбір тимейді:

Барсамғой шіркін Алматының жеріне,
Гүл Алматы шақырғандай меніде
Асығамын апортына барып ап
Қызыл,жасыл алмаларын теруге

Барсамғой шіркін Атырауға мұнайлы,
Сол жақтан бір көрсем екен күн-айды,
Мұнай газбен қамтамасыз ететін,
Атырауым маған қатты ұнайды.

Барсамғой шіркін Шым қалаға шырайлы,
Сол жаққа тартып жұмсақ жүрек жылайды;
Ойға келсе Табиғаты шымкенттің,
Кеткім келіп,өзім әзер шыдаймын,

Барсамғой шіркін Жамбыл туған Жамбылға,
Жамбыл жері жүрегімді жандырды,
Өнер айтыс мекеніне айналған
Жамбылға бар шет елдерге қаңғырма.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар