Жел туралы – Берік Алтынай Айбекқызы

Бұл бетте «Жел туралы» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн мен түн теңеліп,
Аспанда бұлт ауады.
Жапырақтар сарғайып,
Қатты жел соғады.

Күркіреп көк аспан,
Қарашы бұрқауын!
Найзағай жарқылдап,
Тұнжырап тұр тауым.

Сыйлайды тосын жай,
Табиғат қаласа.
Күзгі жел осындай,
Көктемде тамаша.

Айнала құлпырып,
Ұшады көбелек.
Жылы жел соғады,
Ақ жаңбыр себелеп.

Самал жел сыбдыры,
Сыбырлап құлаққа.
Жылғадан су ағып,
Айналды бұлаққа.


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері