Бұл бетте «Мен қазақпын» атты Берік Алтынай Айбекқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілдегі жыр-әнімді ақтарамын,
Халқымды қазақпын деп басқарамын.
Тілімді,дәстүрімді сақтағанмын,
Сен арқылы қазақпын деп мақтанамын!
Қазақ деген халықпыз асқақтаған,
Жауға тура шығып қас қақпаған.
Көк туым көк төбемде желбіреген,
Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын!
Сәбиін білегімен,даласын жүрегімен тербеткен,
Татулық пен бірлікті ту еткен.
Тарихта ойып тұрып орын алған,
Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын!
Жыр -әніммен шаттанамын,
Жеріме жаулар кірсе бас саламын.
Өз еліме өзім ие болатын,
Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі