Елбасыға арнау
Бұл бетте «Елбасыға арнау» атты Нұрхат Абай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талай заман өтсе де өткелінен,
Көкжиектің көрінген көк белінен.
Ұлы тұлға ұлтымның аманаты,
Тәуелсіздік қол бұлғап көктемінен.
Сара жолды салып жүрген дара деп.
Салиқалы сөзіңіз де сара боп,
Тілеуіңді тілеп жүрген дана деп.
Ізіңізді басып жүрген бала көп,
Тарихымды тасқа қашап жаздырып.
Жүрегімде жалындаған назды үміт,
Ерен еңбек, елі үшін еңселі,
Алпауыттар арасынан оздырып.
Өркендеді өсті ұрпақ еңселі,
Уақыттардың болса дағы өлшемі.
Үмітімді өшірместен өсемін,
Үлгі тұтып жүрем мәңгі мен сені.
Көрсе дағы талайлардың күресін,
Күні-түні елді ойлап жүресін.
Ұлар ұшып, қыран құстар қалықтар,
Ұмытылмас, Нұрсұлтандай, ұлы есім.
Жауһазындай жайқалған жыр бағы.
Қазақстан сәні кіріп тұр мәңгі.
Еңбегіңді еселі етіп бес елі,
Мақтан тұтып жүрер қазақ ұрпағы!
Өлеңнің мазмұны ұнады
Өте керемет өлең қатты ұнады ұйқасы мен мазмұны үйлесіп тұр
Өлең қатты ұнады керемет
ЖАҚСЫ ЕКЕН