Көзімнен өзім неге жасырындым? – Шынар Кендін

Бұл бетте «Көзімнен өзім неге жасырындым?» атты Шынар Кендін жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арбалып талған көздер...
Тылсымдарға...
Аңдасын түсінбедім
Ашуыңның?
Байланып қалған жүрек
Бұлқынғанда...
Көзімнен
Өзім неге жасырындым?!

Кеудеме сыймай өксік,
не көрінген?
Жаңбыры жанарымның
тамшылайды.
Махаббат, неге сенің
кеселіңнен
Арманның ақ қанаты
қансырайды?

Шамыма тиген сол бір
шапалақ па?!
Осынша,
асау жүрек
Кекшіл ме едім?
Бұл əлде..
Жазалау ма,
махаббат па?
Осылай қаладың ба,
"Ес кіргенін"?

Әуре болма..
Бұрылып қарамаймын.
Өртен, ал!
Өзің тапқан өкінішке.
Қылығыңның
қырсығын санамаймын.
Құрышы,
Қызғаныштың өтін іш те...

Шынар Кендін


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (4)

Суйеуова Райхан

Маған өлең қатты әсер қалдырды

Суйеуова Райхан

кушті екен

arshynkerei

Рахмет! ????

arshynkerei

Наклейка салғаным сұрақ белгісі болып қалды. Кешіріңіз!

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар