"Сенуге болмайды ешкімге" – Айдана Боранбаева

Бұл бетте «"Сенуге болмайды ешкімге"» атты Айдана Боранбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.

Жалғанның бір тұтам құйрығы,
Шындықтың шынайы сый-құны.
Алланың ақ жолы ақиқат
Пенденің өзгерер пиғылы.

Біреулер ісіңе құмартып,
Біреулер жатады мін артып.
Орынсыз өтірік мақтаудан
Орынды айтылған сын артық.

Ақкөңіл адал дос қайдасың?
Ескертіп қоятын айласын.
Жалықтым жасанды жандардан
Ойлайтын басының пайдасын.

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.


Пікірлер (2)

Тимур

Егер қиын болмаса бір сұраққа жауап берсеңіз: неге тақырыбын тырнақшаға алдыңыз?

баймұрат Ш.

Кушти өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"Сенуге болмайды ешкімге" өлеңінің авторы кім?

Айдана Боранбаева — осы өлеңнің авторы.

"Сенуге болмайды ешкімге" өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

"Сенуге болмайды ешкімге" өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айдана Боранбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

"Сенуге болмайды ешкімге" өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар