Мұзын ерітіп мұңымның гүлін суардым ұжмақтың
Бұл бетте «Мұзын ерітіп мұңымның гүлін суардым ұжмақтың» атты Шынар Кендін жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жынданып шығып
есіктен,
Жылағым келді,
кіре алмай...
Жұмақты күтіп
кешіккен,
Жылдарды бердім,
Түк алмай...
Мұңайып батып
ұйқыға...
Қуанып
неге ояндым?
Жыныма тисең -
жолбарыс.
Жымия күлсең -
Қоянмын.
Аялап
созсаң қолыңды
Алақаныңан қашамын.
Саялап.
Тоңсам тоныңның
Кеудесін өзім ашамын...
Мұзын ерітсең
Мұңымның,
Гүлін суардым ұжмақтың...
Сырын жасырсам
Жырымның:
Ұйқымды ұрладың
Ұзақ түн...
Шынар Кендін. 01.11.2018
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі