Қарауылтөбе үстінен бұлттар ұшып –
Марфуға Айтқожина
Бұл бетте «Қарауылтөбе үстінен бұлттар ұшып» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шыңғыстау жатыр алда көлденеңдеп,
Көз тартады сұлулық көрмеген көп.
Қарауылтөбе, үстінен бұлттар ұшып,
Бара жатыр етегі көлбелеңдеп.
Шыңдар тұр бір-бірімен тайталасқан,
Аспанның аршын төсін шайқап ашқан
Бұл өзі ақын дала жыр толғайтын,
Ойын бөліп алмаңдар байқамастан.
Үндерге толы дала не бір өктем,
Төгіледі тасқын күй төңіректен.
Жатқа жұмбақ, мен үшін қара тасы,
Жүрегімді тілгілеп, тебіренткен.
Бұл өзі әнші дала асқақтаған,
Ән салмаса кеудеге ас батпаған.
Ақын Абай толғанып өткен дала,
Қасіретін ап, қызығын тастап маған.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі