Абай – Фариза Бейсенбекова

Бұл бетте «Абай» атты Фариза Бейсенбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.11.2018
  • 0
  • 0
  • 2310
Бала жастан қисса-дастан оқыған,
Жас күніне көз жіберіп отырам.
Зерек бала ауыз әдебиетін,
Зере әжеден зердесіне тоқыған.
Хакім Абай шариғатқа бойлаған,
Бір күнгісін емес мың күнгісін ойлаған.
Содан болар атамыздың әр сөзі,
Әлі күнге қасиетін жоймаған.
Даналығы талай жұртты таң қылған,
Әр бір сөзі жанның шөлін қандырған.
Дана қазақ Абай дейтін халқына,
Өмір сүру әліппесін қалдырған.
Шыбын жаны тек шындық деп шыңғырған,
Елім үшін болайын деп шын құрбан.
Жарты әлемді жаулап алып жырымен,
Поэзиясын алып асқар шың қылған.
Шыңғысқанның жасағанын дана Абай,
Шыңғыстауда отырып-ақ тыңдырған.
Осы күні рухани ашырқап,
Қара өлеңге қарайды жұрт тосырқап.
Қара сөзін жаттап өссін Абайдың,
«Сылдыр сөзге» үйір болмай жас ұрпақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай өлеңінің авторы кім?

Фариза Бейсенбекова — осы өлеңнің авторы.

Абай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Бейсенбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері