Бауыр барда!
Бұл бетте «Бауыр барда!» атты Araikaalimzhanova жазған бауыр туралы өлең берілген.
Бауыр барда!
Бауыр барда бақытсызбын дей көрме,
Өз басыңның қамын ғана жей көрме.
Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,
Бауыр барда,
Бақытсызбын дей көрме!
Кейде реніш,
Кейде ыза болсада,
Ақ көңілің қара ашуға толсада.
Ең қымбаты,ең ардағы бауырың,
Арадағы жылулығы солсада.
Ауыр айтпа,
Көңіліне қадама,
Жанжалдасып,ала көзбен қарама.
Бауырыңды «бауыр етім» деп сана,
Екі туып бір қалғанға балама.
Бір құрсақта,бір жүректен шықтыңдар,
Бір ақылды,бір дүрсілді ұқтыңдар.
Бірге жүріп,бірге өсіп ержетіп,
Бір-біріңе шаранамен жұқтыңдар.
Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар,
Не жағдайда бір-біріңді жақтаңдар.
Шайтан келіп күнәлісің деп қалса,
Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.
Өте керемет жүрекке жететін сөздер. Өнерің өрге жүзсін. Бауырлар аман болсын!
Маған Өте Керек Еді Маған ӨТЕ ӨТЕ ҰНАДЫЫ!!!!!!!!!!!!
Керемет жазылган
Керемет!!! Дәл тауып айтқан.
Өте керемет терең мағыналы сөз жоқ
Алла разы болсын.
Бауырлар аман болсын!
Оте керемет создер бауырлар Аман болсын иншалла
Ия өте керемет
Керемет жарайсың.
Куштты соз жок
Өте жақсы бауырға деген өлең
Авторы ким керемет
журектің түбіндегі сөздер керемет өте жақсы
Осы анди калай жуктеуге болады
Өте керемет!
Бул тақпақ күшті екен
Аллам қолдап қорғап журсін,
Өте керемет жазыпсыз журек тебретеді.
Бауыр барда бақытсызбын дей көрме - өте дұрыс айтылған
Бұл өлең бауырлар арасындағы махаббат пен сыйластықтың қаншалықты маңызды екенін әдемі жеткізеді. Автор тек бауырдың қымбатты екенін ғана емес, оның қадірін білу керектігін, реніш пен ызаны уақытша сезім ретінде қабылдап, бауырмалдықты сақтаудың қажет екенін көрсетеді.
Әрбір жолда туыстық байланыс, бірге өсу және бір-біріңе қолдау көрсету туралы айқын мысалдар берілген. Өлең оқырманға қымбат адамдармен арадағы жылылықты бағалауға, қиын сәтте бір-біріңді қорғауға және жанжалдаспауға шақырады.
Бұл шығарманы оқу әр отбасы мүшесіне бауырлықты, махаббатты және түсіністікті арттыруға шабыт береді.
Супер
Бұл бауырға деген бір махаббатшылықты түсінеді