Жасай бер, қазақ тілім-ана тілім! – kukaomarbek03

Бұл бетте «Жасай бер, қазақ тілім-ана тілім!» атты kukaomarbek03 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

О, менің дара тілім, ана тілім,
Бесікте - ақ басталған сенің үнің,
Ешбір тілге айырмай жақұтыңды
Құлағыма сіңіргем жарық күнім.

Бүгін міне, алдым мен қолға қалам,
Шексіз өлең жазамын, мен толғанам.
Ахметтей тілім үшін жанды беріп,
Абай мен Ыбырайдың жолын салам.

Жасай берші, көкке өрлеп, талпында шың,
Хан Тәңірі секілді даңқың артсын.
Елбасымыз Назарбаев тірі тұрып,
Жұлдыз болып қазақ тілім жарқырайсың!

Туған тілім Анадан кеп дарыдың,
Қайта-қайта қайталадым, тағы мың.
Бір өзіңді ардақтауға ант беріп,
Өмірбақи жоғалтпауға жарыдым.

Қорғаймыз, ардақтаймыз, аялаймыз,
Ойымыздан еш шығармай саралаймыз,
Қазақ тілім даңқың шығып тұрса егер
Бақыттың біз соңынан қуалаймыз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

не знаю

Авторы кім

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар