Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан

Бұл бетте «Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2018
  • 0
  • 0
  • 2291
(Жаркент оязы Байынқол болысындагы Албан)

Терезеден келді де,
Мылтық сонда атылды.
Шейіт қылып оларды
Қызыл қанға батырды.
Абақтыда жақсылар
«Иә, Алла!» — кеп ақырды.
Терезеден атып сап,
Қанын судай сапырды.
Құдіретімен құдайдың
7Есік сонда ашылды.
Алыс емес бұл өлім,
Ажал келсе жақын-ды.
Қырып жатыр жақсыны,
Шейіт қаны шашылды.
Сол екен ғой басы енді,
Қызыл қанға батырды.
Жаман емес әмбесі
Шын кемеңгер ақылды.
Ашылған соң есігі
Қашып шықты далаға.
Жолықты ғой жақсылар
Мұндай болған пәлаға.
Қайтамыз деп алдалап,
Тырмысыпты дауалға.
Ер Жаңабай атылып
Қала берген дауалда.
Шейіт болды жақсылар
Жазуы солай әуелде.
Қорыққанынан алдалап
Сол дауалдан қарғыды.
Құтқар өзің Алла деп
Өңкей жақсы зар қылды.
Не боларын білмейді,
Бір Алланы әл қылды.
Шейіт қылып соларды,
Қарақолда атты ғой.
Шейіт болған жақсылар
Сол жерде өліп жатты ғой.
Төрт кісіні сол жерден
Алланың өзі қақты ғой.
Тұрлықожа, Жайшыбек,
Әбубәкір, Біләлмен
Өлімнен аман қапты ғой.
Өкшесінен оқ тиіп
Ұзақ ырғып кетті ғой.
Әрең қашып ер Ұзақ,
Үйге кіріп кепті ғой.
Ұстап беріп қашқарлық,
Ұзаққа ажал жетті ғой.
Әбдіқалық, Серікбай
Қайқыға қарай айдалды.
Келе жатыр жүгіріп,
Екі көзі жайнады.
Өлеміз деп қай жерде
Қызыл тілі сайрады.
Дәл Қайқыға келгенде
Атылып олар жайғалды.
Құлағынан оқ тиіп
Алдаберген аламан
О байғұс аман қапты енді.

(Қолжазба араб қарпінде. ҚР Орталық мемлекеттік архиві: Қор - Р-1368; тізбе - 1; іс - 56).


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәтімбекұлы Иманбектің жырынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері