Бұл бетте «Қара шаңырақ» атты KS_Kairat Kudaibergen жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайран үйім қалыпсыңғой ескіріп,
Мен оралдым қадіріңді кеш біліп.
Әкем салған өз қолымен шарбақтың,
Қора жәйдің зар-мұңы тұр естіліп.
Есейгенде кетіп едік жамырап
Қалды содан қайран үйім қаңырап
Балалықтың, Ата-намның аяулы
Жалғыз көзі осы қара шаңырақ.
Мініп алып анамның арқасына
Келгендей бір жұмақтың дәл қасына.
Балалыққа кеудемде бар сағыныш
Симай жатқан "Көксудай" арнасына.
Не жетсін пах шіркін-ай ауылыма?
Ғашықпын шаң, балшығы, дауылына
Ескі үйім есіме салды бүгін
Сағынып келдім басшы бауырыңа
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі