Жүрегіңнен жай тапсам
- 0
- 0
Сүйгенім де өзіңсің және алғашқым,
Өзіңменен өмірге қадам бастадым.
Табылса егер бір жігіт саған мендей,
Сендей жанды ешқашан таба алмаспын.
Бұл бетте «Азаттықтың алауы» атты Құдайберген Жұматай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйгенім де өзіңсің және алғашқым,
Өзіңменен өмірге қадам бастадым.
Табылса егер бір жігіт саған мендей,
Сендей жанды ешқашан таба алмаспын.
Көгершінім, көріктім ақ тамағым,
Маған мәлім күні ертең аттанарың.
Бір ән салшы жүректі жадыратар,
Естелік үшін соны ап қаламын.
Махаббатта бітіспес майдан бір шың,
Тілгілеген жанымды пайдаң құрысын.
Қасіретіңнен қан жұтып қамықсам сан,
Сенен басқа оны өзге қайдан білсін?!
Түсіме кірдің сен бүгін, түсіме кірдің тағы бір,
Жабырқау жүрек жабырқап,қалсын дедің бе,лағылым.
Екеуден екеу жүрміз біз гүл жапқан алма бақтарда,
...
Жаның да әсем, жаным-ау, әнің де әсем,
Жырларымның жүресің бәрінде сен.
Дауысың мен өзіңді күтем күнде,
Шын сүймесем егер де сағынбас ем.
Нурхаят
Қазір нағыз ер адамдар бар ма екен? Барлығы қорқақ болып қалған ба?