Көңіл
Бұл бетте «Көңіл» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұрын біздер бақытты едік,
Нәр алған көктен, күз-күннен.
Есімде қазір...
Өзгеріп кеттік біз мүлдем.
Сол сезімменен көрікті көңіл базары,
Тарқайтынын кім білген.
Көңілімнің көктем қыры сынғалы,
Мені елеп ешкім гүл ұсынбады.
Шын сенген достар кеткен соң тастап,
Доғардым жырды...құрысын бәрі!
Құрысын бәрі...
Қол жеткен сонда ырысым кәні?
Мазалап неге бермейсің тыным,
Аяулы сезім, тірісің бе, әлі?!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі